6-5-бап. Уәкілетті органның Басқармасы және оның өкiлеттiктерi Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы Заңы
Басқарма уәкілетті органның жоғары органы болып табылады.
Уәкілетті органның Басқармасы:
1) қаржы нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) осы Заңның 3-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де тұлғалардың қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;
3) қаржы ұйымдарына және өзге тұлғаларға өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларын, қадағалап ден қою шараларын қолдану тәртібін айқындайды;
4) ерекше реттеу режимін енгізу туралы шешім қабылдайды;
5) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламаларды бекітеді;
7) уәкілетті органның халықаралық және өзге де ұйымдарға қатысуы туралы шешімдер қабылдайды; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 7) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8) уәкілетті органның консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы шешім қабылдайды; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 8) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9) уәкілетті органның құрылымын, жалпы штат санын және Уәкілетті орган туралы ережені, сондай-ақ оларға өзгерістер мен толықтыруларды қарайды, мақұлдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
9-1) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша уәкілетті орган жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
10) уәкілетті органның жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу және оларды әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету шарттарын бекітеді;
11) уәкілетті органның жұмысы туралы жылдық есепті қарайды, қабылдайды және Қазақстан Республикасының Президентінің бекітуіне ұсынады;
12) уәкілетті органның қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен жасалған еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекітеді;
13) уәкілетті органның регламентін бекітеді; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 13) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14) акционерлік қоғамдар мен қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялауы қағидаларын бекітеді, оларда жариялануға жататын қаржылық есептіліктің тізбесін қоса алғанда, оны жариялау тәртібі және оны жариялау мерзімдері айқындалады;
15) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру қағидаларын бекітеді;
16) банктік депозиттік сертификаттарды шығару және олардың айналысы қағидаларын бекітеді;
17) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекітеді; ЗҚАИ-ның ескертпесі! 17) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18) уәкілетті органның қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алуы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 18-1) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын бекітеді;
18-2) "Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың, анықтық факторының және түзету коэффициенттерінің мөлшерлерін бекітеді;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктерді жүзеге асырады.
Осы баптың екінші бөлігі 2), 3), 14), 15) және 17) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қатысты осы баптың екінші бөлігінің 14) тармақшасын қолдану мақсатында бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептілік қаржылық есептілік деп түсініледі.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 474-II Заңы.
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы