6-3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы
1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарау процесін автоматтандыруға, оларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейінде жүйелендіруге және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.
2. Уәкілетті орган Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін және оның мобильдік нұсқасын қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді.
3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы сатушының (дайындаушының, орындаушының), тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тұтынушылардың жолданымдарын қабылдауы мен қарауы және уәкілетті органның оларға мониторинг жүргізуі қамтамасыз етіледі.
Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері тұтынушылардың қаралған жолданымдарының нәтижелері, сондай-ақ оларды қараудан бас тарту себептері туралы барлық ақпаратты Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Тұтынушылардың жолданымдарын сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы олар онда ерікті түрде тіркелген кезде қарайды.
4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қаралатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жолданымдарға мыналар жатады:
1) тұтынушылардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатушыларға (дайындаушыларға, орындаушыларға) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою, сондай-ақ тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан осы бұзушылықтар келтірген залалды (зиянды) өтеу туралы наразылығы бар жолданымдары;
2) тұтынушылардың ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы бойынша ойын бастамашыларына (ұйымдастырушыларына) наразылығы бар жолданымдары;
3) тұтынушылардың тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне өздерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеу, моральдық зиянды өтеу үшін берілген жолданымдары.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жолданымдар Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жіберілмеуге тиіс.
4-1. "Электрондық жолданымдар" ақпараттық талдау жүйесі арқылы қаралатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жолданымдарға мыналар жатады:
1) тұтынушылардың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған сатушыларға (дайындаушыларға, орындаушыларға), ойын бастамашыларына (ұйымдастырушыларына) қатысты өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау мақсатында уәкілетті органға және тиісті мемлекеттік органдарға жолданымдары;
2) тұтынушылардың тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдердің тұтынушылық дауларды қарау және (немесе) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті тиімсіз жүзеге асыруына байланысты оларға қатысты өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау мақсатында уәкілетті органға және тиісті мемлекеттік органдарға жолданымдары;
3) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) қауіпсіздік пен сапа жөніндегі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды шығарған және өткізген (жұмыстарды орындаған және қызметтер көрсеткен) тұлғаларға қатысты өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау мақсатында; тұтынушылардың өтініштері, шағымдары келіп түскен жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын бағалау мақсатында; тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактісін қарауға жәрдемдесу мақсатында уәкілетті органға және тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша жолданымдары.
5. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптары ескеріле отырып, өздеріне қатысты тұтынушылардың өтініштері мен шағымдары келіп түскен сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттың жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
Ескерту. 2-тарау 6-3-баппен толықтырылды - ҚР 25.06.2020 № 346-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы.
Осы Заң тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы