Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 6-2-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат Халықтың көші-қоны туралы Заңы

6-2-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат Халықтың көші-қоны туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-2-бап. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсат Халықтың көші-қоны туралы Заңы  - Қолданысқа енгізіледі 2029 жылдың 1 қаңтарынан бастап  Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ 

      1. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мөлшерде және тәртіппен ақы алынады. 

      2. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыдан түсетін қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформа операторына жіберіледі. 

      3. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлесінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлға шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаның операторы болуы мүмкін. 

      4. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаның жұмыс істеуін қамтамасыз ету: 

      1) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаны құру мен дамытуды; 

      2) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оны сүйемелдеуді; 

      3) шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформада деректердің сақталуын қамтамасыз етуді қамтиды. 

      5. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформа операторына Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін ақы төлеуден түсетін қаражат тең үлестермен (елу пайыздан): 

      1) адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы келуін немесе кетуін есепке алу жөніндегі цифрлық жүйені және оның құрамдастарын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаны техникалық сүйемелдеуге, дамытуға, жаңғыртуға; адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы келуін немесе кетуін есепке алу жөніндегі цифрлық жүйенің және оның құрамдастарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын, перифериялық жабдығын, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған цифрлық платформаны жаңғыртуға және дамытуға; 

      2) ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйымға, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес туризмді дамытуға бөлінеді. 

      6. Қазақстан Республикасына келуге берілетін электрондық рұқсатты ресімдегені үшін ақы төлеуден түскен қаражаттың түсу, оны бөлу, мониторингтеу, ол бойынша есеп беру және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы.  

Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ 

      Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы