⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 6-10-бап. Арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезінде облигациялар шығаруының ерекшеліктері Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы

6-10-бап. Арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезінде облигациялар шығаруының ерекшеліктері Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

6-10-бап. Арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру кезінде облигациялар шығаруының ерекшеліктері Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы Заңы 

      1. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығаруы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 

      2. Арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруды жүзеге асыруға құқылы. 

      3. Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумында немесе облигациялық бағдарлама проспектісінде немесе облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көрсетілген мәліметтерден бөлек, мыналар қамтылуға тиіс: 

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімдерінің шарттары мен болжамды мерзімдері; 

      2) осы Заңның талаптарына сәйкес келетін, облигацияларды орналастыру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы алған ақшаның нысаналы мақсаты (облигациялық бағдарлама проспектісін қоспағанда); 

      3) облигацияларды ұстаушыларға базалық шарт бойынша түзілген мүліктің меншік иесінің ауысуы туралы ақпарат беру тәртібі және арнайы қаржы компаниясының органдарына кредиторлардың өкілдерін енгізу және олардың өкілеттіктерін белгілеу тәртібі; 

      4) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру мәмілесіне қызмет көрсетуге, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық басқаруға байланысты шығыстар тізбесі; 

      5) сыйақы төлеу және бір облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әртүрлі шығарылымдардың облигацияларын өтеу тәртібі мен кезектілігі (облигациялық бағдарламаның проспектісінде және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде немесе жеке меморандумда көрсетіледі); 

      6) арнайы қаржы компаниясы банкрот болған кезде арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың талаптарын қанағаттандыру тәртібі мен кезектілігі. 

      4. Облигациялық бағдарлама бойынша облигациялар шығаруды қоспағанда, арнайы қаржы компаниясы бір жобалық қаржыландыру мәмілесінің шеңберінде кейіннен облигациялар шығаруды жүзеге асыруға құқылы емес. 

      Ескерту. 6-10-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 ақпандағы N 126 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландырудың және секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы