Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 55-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

55-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

55-бап. Адвокаттар алқасының төралқасы Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы  

      1. Адвокаттар алқасының төралқасы адвокаттар алқасының алқалы атқарушы органы болып табылады. 

      Дәл сол бір адамдар адвокаттар алқасының төралқасында қатарынан екі мерзімнен артық бола алмайды. 

      2. Адвокаттар алқасының төралқасы: 

      1) адвокаттар алқасының жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, адвокаттар бюджет қаражаты есебінен көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады; 

      2) адвокаттар алқасы мүшелерінің жалпы жиналысын (конференциясын) шақырады және оның шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады; 

      3) адвокаттардың кәсіптік және өзге де құқықтарын қорғайды; 

      4) адвокаттар алқасының мүшелiгiне қабылдауды жүзеге асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағылымдамадан өтушiлерiнің тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады; 

      5) адвокаттардың қызметі туралы олардың қорытылған есептерін Республикалық адвокаттар алқасына тоқсан сайын ұсынады; 

      6) жүктілігі және босануы бойынша не бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста болған кезеңінде адвокаттарды және еңбекке уақытша қабілетсіздігі салдарынан қатарынан екі айдан астам адвокаттық қызметті жүзеге асырмаған адвокаттарды мүшелік және нысаналы жарналарды төлеуден босатады; 

      7) адвокаттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдарды (ұсынуларды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 

      8) адвокаттарға аттестаттау жүргізуді және олардың бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады; 

      9) осы Заңда көзделген негiздер бойынша лицензиарға адвокатқа қатысты адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтату туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтiнiшхат береді; 

      10) адвокаттардың Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады; 

      11) жыл сайын мониторинг нәтижелері бойынша алқа адвокаттары көрсететін қызметтердің орташа құнын (көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша) айқындайды және осы ақпараттың адвокаттар алқасының, Республикалық адвокаттар алқасының интернет-ресурстарында орналастырылуын және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді; 

      12) оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады; 

      13) кодификациялық-анықтамалық жұмыс жүргiзудi ұйымдастырады, адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдарды әзiрлейдi және басып шығарады; 

      14) заң консультацияларын құрады, олардың меңгерушiлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады; 

      15) нысанын Республикалық адвокаттар алқасы бекітетін адвокат куәлігін береді; 

      16) адвокаттар алқасының қаражатына жарғыда айқындалған және адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы) айқындаған тәртiппен билік етеді; 

      17) бухгалтерлік есепке алуды, қаржылық есептілікті, іс қағаздарын жүргізуді және бастапқы статистикалық деректерді қалыптастыруды ұйымдастырады; 

      18) адвокаттар алқасының мүлкіне билік ету тәртібін белгілейді; 

      19) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) айрықша құзыретiне жатқызылғандардан басқа, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы