54-бап. Заңды тұлғаға қатысты оңалту рәсімдері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
Борышкер – заңды тұлғаның таратылуын болғызбау мақсатында оған төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн кез келген шаралар қолданылуы мүмкiн.
Бұл шаралар оңалту рәсiмi шеңберiнде iске асырылады, оны жүзеге асыру тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында айқындалады.
Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 290-VІ Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы