5-бап. Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік басқару Жол жүрісі туралы Заңы
Жол жүрісі саласындағы мемлекеттік басқару:
1) жол жүрісі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындауды, әзірлеуді, іске асыруды;
2) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қызметті қаржыландыруды;
3) көлік құралдары иелерінің – үшінші тұлғалар алдындағы, сондай-ақ тасымалдаушылардың жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыруды қамтамасыз етуді;
4) жол жүрісі және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жай-күйінің негізгі нысаналы көрсеткіштерінің статистикалық есептілігін және мемлекеттік есепке алынуын жүргізуді;
5) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерді белгіленген тәртіппен әзірлеуді, қабылдауды, бекітуді және іске асыруды;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін белгілеуді;
7) жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың зардаптарының ауырлығын азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді;
8) жол жүрісі саласындағы тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді;
9) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жол-көлік оқиғаларының зардаптарын жоюды;
10) жолдардың қауіпсіздігі мен олардың өткізу қабілетін қамтамасыз етуді;
11) көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;
12) жол пайдаланушылардың қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз етуді;
13) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруды;
14) Қазақстан Республикасының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқарудың өзге де нысандарын қамтиды.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 83-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасында жол жүрісі жұмыс істеуінің және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен жалпы шарттарын белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы