5-бап. Валюталық реттеу органдары Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасында негізгі валюталық реттеу органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және мемлекеттік органдар валюталық реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Заңға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен бейрезиденттердің орындауы үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актілер шығарады.
Мемлекеттік органдар әзірлеген валюталық реттеу мәселелері жөніндегі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісуге жатады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілік нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін өздерінің құзыретіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша не бірлесіп бекітеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі резиденттермен және бейрезиденттермен валюталық операциялардың барлық түрін шектеусіз жүзеге асырады.
6. Валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілік нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкілетті мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне сәйкес келісу бойынша айқындайды. ЗҚАИ-ның ескертпесі! 6-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді.
Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы