5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Тауар биржалары туралы Заңы
1. Тауар биржаларының, тауар биржалары клирингтік орталықтарының және брокерлердің қызметін лицензиялау осы Заңның ережелері ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Монополияға қарсы орган тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясының қолданылуын мынадай:
1) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзылған және (немесе) монополияға қарсы органның нұсқамасында көрсетілген бұзушылықтар жойылмаған;
2) тауар биржаларының, брокерлердің, тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиялық қызметті қатарынан күнтізбелік алты ай бойы жүзеге асырмаған;
4) осы Заңда тыйым салынған қызмет жүзеге асырылған;
5) тауар биржасының, брокердің, тауар биржасы клирингтік орталығының қызметін тексеруге байланысты монополияға қарсы орган өз құзыреті шегінде талап еткен құжаттар мен ақпаратты беруден бас тартылған;
6) лицензия беруге негіз болған құжаттарда анық емес ақпарат беру фактісі анықталған;
7) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптар жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзылған жағдайларда бір айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы шешімде тоқтата тұрудың себептері мен мерзімі көрсетілуге тиіс.
Лицензияның қолданысы тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы міндетті түрде хабардар етіле отырып, тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен бастап тоқтатыла тұрды деп есептеледі.
Лицензияның қолданысын тоқтата тұру қызметтің тоқтата тұру кезеңінде жүзеге асырылуына тыйым салуға алып келеді.
3. Лицензия тоқтатыла тұрған жағдайда оның қолданысын қайта бастауды монополияға қарсы орган "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3 және 7-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
4. Тауар биржасының, брокердің, тауар биржасы клирингтік орталығының лицензиясынан айыру (кері қайтарып алу) мынадай негіздердің бірі бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады:
1) тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру себептерінің жойылмауы;
2) тауар биржасы, брокер, тауар биржасының клирингтік орталығы лицензиясы қолданысының бірнеше рет (соңғы он екі ай ішінде екі рет) тоқтатыла тұруы;
3) тауар биржасына, брокерге, тауар биржасының клирингтік орталығына қатысты қызметіне тыйым салу немесе оны тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.
Лицензиядан айыру (кері қайтарып алу) туралы ақпарат монополияға қарсы органның интернет-ресурсында жарияланады.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы N 155-IV Заңы.
Осы Заң тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы