5-бап. Қаржылық бақылау Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы
1. Қаржылық бақылауды осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген құзыреті шегінде бюджетке өтеуді, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету, нұсқамаларды орындау және кінәлі адамдарды жауаптылыққа тарту жолымен қалпына келтіруді қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың ден қою шаралары:
1) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығару;
2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау;
3) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде әкімшілік құқық бұзушылықтар белгілері анықталған кезде материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға беру;
3-1) мемлекеттік аудит объектісі нұсқаманы орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына беру прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік аудит объектісі, мүдделерін аудиторлық іс-шаралар қозғаған кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелеріне шағым жасаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге процестік шешім қабылдау үшін қылмыстық қудалау органдарына беру дауларды реттеудің апелляциялық және (немесе) сот тәртібі сақталғаннан кейін прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу және (немесе) бұзушылықтардың ерікті түрде өтелмеген (қалпына келтірілмеген), анықталған сомаларын есепке алу бойынша көрсету арқылы қалпына келтіру және нұсқаманы орындау мақсатында сотқа талап қоюды ұсыну болып табылады.
3. Ішкі аудит қызметтері мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге қылмыстық қудалау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға беру бойынша ден қою шараларын жүзеге асырады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы