5-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтары мен міндеттері Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Заңы
1. Көрсетілетін қызметті берушілердің:
1) орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінен мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін қажетті ақпаратты алуға құқығы бар.
2) алып тасталды - ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Көрсетілетін қызметті берушілер:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
1-1) әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын және көрсетілетін қызметті беруші тиісті салада реттеуді немесе басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бекіткен қағидаларға сәйкес әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуге;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға;
3) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
5) бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларында белгіленген мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге;
7) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын осы Заңда белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
9) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдануға;
10) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажет болатын өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
11) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге;
12) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған келісімін не ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы келісімін алуға;
13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалануға;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартуға міндетті.
Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерді алушылардан:
1) мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік корпорацияның салыстырып-тексеруі үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы.
Осы Заң мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы