5-бап. Кеңес Төрағасы Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы Заңы
1. Кеңес Төрағасы:
1) Кеңесті басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Кеңес атынан өкілдік етеді;
2) Кеңес хатшысының ұсынуы бойынша Кеңестің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2-1) Кеңес аппаратының құрылымын бекітеді;
3) Кеңестің отырыстарын шақырады және Кеңестің отырыстарына төрағалық етеді;
4) Кеңестің ұсынымдарына, қорытындыларына, шешімдері мен хаттамаларына қол қояды;
5) Кеңес хатшысының ұсынысы бойынша Кеңес отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелерді айқындайды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 6) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.11.2024 № 136-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6) Жоғарғы Соттың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, судьялардың кеңестеріне, облыстық соттардың жалпы және кеңейтілген жалпы отырыстарына, Судьялар одағының, Судья әдебі жөніндегі комиссияның, Сот жюриінің, Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның отырыстарына қатысуға құқылы;
7) Кеңес регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді;
9) негізгі жұмысынан босатылған Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөледі;
10) өз құзыретінің мәселелері бойынша өкімдер шығарады;
11) осы Заңда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Кеңес Төрағасы уақытша болмаған жағдайда, оның міндеттері негізгі жұмысынан босатылған Кеңес мүшелерінің біріне Төрағаның өкімімен жүктеледі.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.03.2023 № 216-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы