5-бап. Банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы үлестес тұлғалары
1. Мыналарды:
банктің дауыс беретін акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, базалық активі банктің дауыс беретін акциялары болып табылатын туынды бағалы қағаздарды номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаларды, сондай-ақ аталған туынды бағалы қағаздардың эмитенттерін;
осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар банктің үлестес тұлғалары болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметінде және (немесе) ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері мәртебесінің немесе белгілерінің болуы, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің лауазымды адамдарының банктің органдарына қатысуы:
Қазақстан Республикасы Үкіметін;
ұлттық басқарушы холдингтің және (немесе) оның лауазымды адамдарын көрсетілген банктің үлестес тұлғалары деп тануға негіз болып табылмайды.
3. Осы банктер акционерлерінің құрамында Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтің болуы банктерді бір-біріне қатысты үлестес тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.
4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының мақсаты үшін ескерілмейді.
5. Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының үлестес тұлғалары деп Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осылай деп танылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің үлестес тұлғалары танылады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі ұсынатын мәліметтер негізінде өзінің үлестес тұлғаларының есебін жүргізеді.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау