⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері Ақпараттандыру туралы Заңы

5-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері Ақпараттандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері Ақпараттандыру туралы Заңы 

      Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі міндеттері: 

      1) ақпараттық қоғамды қалыптастыру мен дамыту; 

      2) мемлекеттік органдардың әкімшілік реформасын іске асыру мен қолдап отыруды қамтамасыз ету; 

      3) "электрондық үкіметті" және "электрондық әкімдікті" дамыту; 

      4) цифрлық сауаттылықты арттыру; 

      5) білім беру процесінің қатысушыларын электрондық оқытудың электрондық ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге арналған жағдайлармен қамтамасыз ету; 

      6) қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және оларды өндірістік процестерге ендіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету; 

      7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың отандық саласын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдесу; 

      8) ақпараттандыру саласында бірыңғай ғылыми, техникалық, мемлекеттік технологиялық және өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру; 

      9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен телекоммуникация желілерін қалыптастыру, дамыту және қорғау, олардың бірыңғай ақпараттық кеңістікте өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 

      9-1) ақпараттандырудың сервистік моделіне көшуді қамтамасыз ету; 

      10) мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингі; 

      11) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына, оның ішінде әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде олардың алдын алу және оларға жедел ден қою; 

      12) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына жүйелі негізде инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау; 

      13) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетілдіру; 

      14) ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу; 

      15) халықаралық ақпарат алмасу және ақпаратқа қол жеткізу үшін жағдайлар жасау болып табылады. 

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы