48-1-бап. Кепілдендірілген сатып алу шарттары Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы
1. Кепілдендірілген сатып алу шарттары бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарлардың кепілдік берілген көлемін жасалған кепілдендірілген сатып алу шартының талаптарына сәйкес ұзақ мерзімді негізде беруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жасалған кепілдендірілген сатып алу шарттары қаржы ұйымдарында, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстанның Даму Банкінде кепіл нысанасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
2. Жасалған кепілдендірілген сатып алу шартына өзгерістер енгізу ірі тапсырыс берушінің және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының келісуі бойынша жүзеге асырылады.
3. Кепілдендірілген сатып алу шартының қолданылу мерзімі шартта айқындалады, бірақ бір жылдан кем болмайды. Кепілдендірілген сатып алу шартының ең ұзақ қолданылу мерзімі он жылдан аспайды.
4. Кепілдендірілген сатып алу шартында:
тауарлардың егжей-тегжейлі техникалық сипаттамалары, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы көрсетіле отырып, олардың атаулары;
шарттың бүкіл қолданылу мерзіміне өнім беру көлемі;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін шарт тараптарының жауапкершілігі;
тараптардың келісуі бойынша өзге де талаптар қамтылуға тиіс.
Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы