47-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу тәртібі Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы
1. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде:
1) квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін сатып алу жоспарларын (алдын ала, жылдық, ұзақ мерзімді);
2) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қатты қазбаларды өндіруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушылардан "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қалыптастырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жылдық (бір қаржы жылына) және орта мерзімді (бес қаржы жылына) бағдарламаларын;
3) табиғи монополиялар субъектілерінен "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сай бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жасалатын алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбелерін;
4) жүйе құраушы кәсіпорындардан алдағы қаржы жылына немесе ұзақ мерзімді кезеңге арналған тауарларды сатып алу жоспарларын алады.
2. Ірі тапсырыс берушілердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарлары (бағдарламалары, тауарлар тізбелері) сатып алуды жүзеге асырудың бірінші жылының алдындағы жылы ұсынылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сатып алу жоспарларында (бағдарламаларында, тауарлар тізбелерінде) ішкі нарықта сатып алынатын тауарларды немесе кепілдік міндеттемелері қолданылатын шетелде шығарылған тауарларды қоспағанда, сатып алуға жоспарланатын тауарлардың тізбесі көзделеді.
4. Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, күнтізбелік отыз күн ішінде ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) осы баптың 3-тармағында көрсетілген ерекшеліктерге сәйкестігін қарайды.
Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкессіздіктер анықталған жағдайда ірі тапсырыс берушілерге сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) ескертулерді көрсете отырып хабарлама жібереді.
Ірі тапсырыс берушілер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзінің сатып алу жоспарларына (бағдарламаларына, тауарлар тізбелеріне) өзгерістер енгізеді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға қайта жібереді.
Бұл ретте өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның ірі тапсырыс берушілердің сатып алу жоспарларын (бағдарламаларын, тауарлар тізбелерін) келісу мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
5. Сатып алуға жоспарланатын тауарлардың келісілген тізбесі 1 ақпанға дейінгі мерзімде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде орналастырылады.
6. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасасуға мүдделі өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде осы Заңның 48-бабына сәйкес офтейк-келісімшарттар және осы Заңның 48-1-бабына сәйкес кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасу үшін өтінімді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, оларды өндірушілер тізілімінде сатып алуға жоспарланатын тауарлар тізбесі жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде береді.
7. Ірі тапсырыс берушілер өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының өтінімдерін қарайды және өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына сәйкес өтінімдерді беру аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде офтейк-келісімшарттар немесе кепілдендірілген сатып алу шарттарын жасасады.
8. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар жасалғаннан кейін ірі тапсырыс берушінің өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасына зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтар жүргізуге құқығы бар.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасына зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтар өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарт жасалғанға дейін ірі тапсырыс беруші ұсынатын тауардың техникалық сипаттамалары, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттері, жиынтықталуы негізінде жүргізіледі.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасының зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтарының оң нәтижелері алынған жағдайда осы тауар топтамасын беру жүргізіледі. Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорны тауарының тәжірибелік-өнеркәсіптік топтамасының зертханалық және (немесе) индустриялық сынақтарының теріс нәтижелері алынған кезде өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарт өңдеу өнеркәсібі кәсіпорнының кінәсінан орындалмаған болып есептеледі және бұзуға жатады.
Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар шеңберінде тауар берілген кезге дейін ірі тапсырыс берушілер тауарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сатып ала алады.
Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шартқа қол қойылғаннан кейін тауардың қосымша техникалық сипаттамаларын, физикалық және (немесе) химиялық қасиеттерін, жиынтықталуына қойылатын талаптарды көрсетуге тыйым салынады.
Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы