Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 46-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

46-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 46-бап. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар Өнеркәсіптік саясат туралы Заңы 

      1. Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар осы Заңға сәйкес мыналар арқылы жасалады: 

      1) өндірісін өнім беруші ұйымдастыратын және өндірісі бұрын болмаған өңдеу өнеркәсібінің тауарларын, оның ішінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынатын тауарларын ұзақ мерзімді кепілдендірілген сатып алуды көздейтін офтейк-келісімшарттар; 

   1-1) қолда бар өндірістік қуаттарда өндірілген тауарларды сатып алудың ұзақ мерзімді кепілдік берілген көлемін көздейтін кепілдендірілген сатып алу шарттары;

      2) өңдеу өнеркәсібінің тауарларын, оның ішінде жүзеге асырылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шеңберінде сатып алынатын тауарларын сатып алудан бөлек, осы Заңның 49-бабына сәйкес сатып алу талаптарында көзделген, шарт сомасынан қаражаттың бір бөлігін Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялау бойынша елеулі талаптарды көздейтін келісімшарттық сатып алу шарттары. 

      Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларында үлгілік талаптар көзделеді. 

      2. Ірі тапсырыс берушілер өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар бойынша тапсырыс берушілер болып табылады

      Осы баптың ережелері Ұлттық әл-ауқат қорына және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғаларға қолданылмайды. 

 

      Осы Заң өнеркәсіптік саясаттың негіз қалаушы қағидаттарын белгілейді әрі өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және іске асыру кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы