Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 44-бап. Соттың қаржы басқарушысының қорытынды есебін қарауы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

44-бап. Соттың қаржы басқарушысының қорытынды есебін қарауы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 44-бап. Соттың қаржы басқарушысының қорытынды есебін қарауы Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы 

      1. Сот қаржы басқарушысының қорытынды есебі және банкроттың міндеттемелерін тоқтатуға негіздердің бар немесе жоқ екендігі туралы қорытынды келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, сот отырысын тағайындайды.

      2. Уәкілетті орган сотта қаржы басқарушысының қорытынды есебін қарау кезінде, егер сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізу барысында жиынтығында мынадай мән-жайлар:

      1) борышкердің Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санатына жататыны;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алу қолданылуы мүмкін мүліктің болмауы анықталған жағдайда, қаржы басқарушысына бюджет қаражатының есебінен уәкілетті органның сыйақы төлеуі туралы өтінішхатты мәлімдеуге міндетті.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2) тармақшаны екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

    Қаржы басқарушысына уәкілетті органның сыйақы төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      3. Көрсетілген құжаттар сотқа келіп түскен күннен бастап бір айдан кешіктірмей, сот қаржы басқарушысының қорытынды есебін бекітеді және сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтату туралы немесе мұндай тоқтатудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды.

      4. Сот осы Заңның 45-бабында көзделген мән-жайлар болған жағдайда, сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтатудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      5. Сот осы Заңның 45-бабында көзделген мән-жайлар болмаған жағдайда, сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      6. Сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтатудан бас тарту туралы шешімде:

      1) қаржы басқарушысының қорытынды есебін бекіту;

      2) сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау;

      3) қаржы басқарушысының өкілеттіктерін тоқтату;

      4) банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімінің қорытындылары бойынша орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтатудан бас тарту;

      5) шешім шығарылған күнге қанағаттандырылмай қалған кредиторлар талаптарының сомасы;

      6) банкротқа бес жыл бойы қарыз (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) беруге тыйым салу, сондай-ақ одан банктік қарыз және микрокредит беру шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түрінде қамтамасыз етуді қабылдаудан бас тарту;

      7) осы баптың 2-тармағында көзделген өтінішхатта көрсетілген сомаларды төлеу;

      8) уәкілетті органға "электрондық үкімет" веб-порталында сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және борышкердің міндеттемелерін тоқтатудан бас тарту туралы хабарландыру орналастыруды тапсыру;

      9) банкроттың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына салынған тыйымды алып тастау туралы нұсқаулар қамтылады.

      7. Сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтату туралы шешімде:

      1) қаржы басқарушысының қорытынды есебін бекіту;

      2) сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау;

      3) қаржы басқарушысының өкілеттіктерін тоқтату;

      4) осы Заңның 46-бабында көрсетілген міндеттемелерді қоспағанда, банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімінің қорытындылары бойынша орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтату;

      5) бес жыл бойы қарыздар (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру жөнінде мәмілелер жасасуға тыйым салу;

      6) осы баптың 2-тармағында көзделген өтінішхатта көрсетілген сомаларды төлеу;

      7) банкроттың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына салынған тыйымды алып тастау туралы нұсқаулар қамтылады.

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы