Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 422-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

422-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

422-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі    

      1. Кедендік тексеруді жүргізу кезінде тексерілетін тұлға: 

      1) кеден органдарынан Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасының кедендік тексеруді жүргізу тәртібіне қатысты ережелері туралы ақпаратты сұратуға және алуға; 

      2) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасының, Қазақстан Республикасының кеден және (немесе) өзге де заңнамасының сақталуын растайтын өзінде бар барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға; 

      3) осы Кодексте белгіленген тәртіппен кеден органдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға; 

      4) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарынан көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманы, сондай-ақ қызметтік куәліктерін не сәйкестендіру карталарын көрсетуді талап етуге; 

      5) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде қатысуға және көшпелі кедендік тексеру нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктемелер беруге; 

      6) осы Кодекстің 418-бабының 20-тармағына сәйкес көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсынуға; 

      7) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы. 

      2. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде: 

      1) көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды көрсету мүмкіндігі бар болған кезде осындай тауарларды көрсетуге; 

      2) кеден органының талап етуі бойынша белгіленген мерзімдерде құжаттар мен мәліметтерді қағаз жеткізгіште, ал қажет болған кезде өзге де жеткізгіште ұсынуға; 

      3) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының және мұндай тексеру жүргізуге қатысу үшін тартылатын лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектілеріне кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге және оларға жұмыс орнын ұсынуға; 

      4) егер кедендік тексеру мақсатында қажетті құжаттама қазақ және орыс тілдерінен басқа өзге тілде жасалған жағдайда – кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарына көрсетілген құжаттаманың аудармасын ұсынуға; 

      5) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқама көрсетілген күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей, кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдарына құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін жауапты тұлғалар аясын айқындауға; 

      6) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде түгендеудің жүргізілуін қамтамасыз етуге; 

      7) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органының лауазымды адамдары кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылдаған жағдайда, тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін іріктеп алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге; 

      8) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органы лауазымды адамдарының талап етуі бойынша тексерілетін тұлғаның қызметі мәселелері бойынша жазбаша және ауызша түсініктер беруге, сондай-ақ анықтамалар мен есеп-қисаптар ұсынуға; 

      9) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы нұсқаманың түпнұсқасына алғаны туралы қол қоюға; 

      10) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органдарының лауазымды адамдарына көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттарға (ақпаратқа) қол жеткізуді қамтамасыз етуге; 

      11) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін кеден органдарының лауазымды адамдарына бухгалтерлiк есепке алуды автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтылымның және (немесе) бастапқы есепке алу құжаттарының, бухгалтерлік есепке алу тіркелімдерінің тексерiлетiн тауарларға қатысты деректері қамтылған ақпараттық жүйенің деректерін көруге рұқсат беруді және (немесе) электрондық жеткізгіште және (немесе) қағаз жеткізгіште ұсынуды қамтамасыз етуге; 

      12) Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті. 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмағаны туралы шешімдерге дау айту

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалмағаны туралы шешімдерге дау айтуСот...

Толық оқу »

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою өсімпұлды есептеуге және төлеуге әкеп соқпайды

Камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою өсімпұлды есептеуге және төлеуге әкеп соқпайдыКамералдық кедендік тексеру актісінің нег...

Толық оқу »

Камералдық кедендік тексеру және көшпелі кедендік тексеру актілері дауласуға жатпайды

Камералдық кедендік тексеру және көшпелі кедендік тексеру актілері дауласуға жатпайдыКамералдық кедендік тексеру және көшпелі кедендік тексеру актілері АІЖК-нің 29-тарауының т...

Толық оқу »

334-бап. Кеден және өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

334-бап. Кеден және өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне қолжетімділігі Еуразиялық эконом...

Толық оқу »

335-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

335-бап. Кеден органының лауазымды адамдарының кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 1. Кеден органының лау...

Толық оқу »

336-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

336-бап. Тексерілетін тұлғаның кедендік тексеру жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 1. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру...

Толық оқу »

337-бап. Кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

337-бап. Кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 1. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары кед...

Толық оқу »

421-бап. Кеден органы лауазымды адамдарының кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

421-бап. Кеден органы лауазымды адамдарының кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Ке...

Толық оқу »

416-1-бап. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізілген кедендік тексерудің жарамсыздығы

416-1-бап. Кедендік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі талаптарды өрескел бұза отырып жүргізілген кедендік тексерудің жарамсыздығы      1. Егер кедендік тексеруді ке...

Толық оқу »

Кедендік бақылау нысанында кедендік әкімшілендіру камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны және бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

Кедендік бақылау нысанында кедендік әкімшілендіру камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны және бұзушылықтарды жою туралы хабарламаКедендік әкімшілендіру-кедендік реттеу ж...

Толық оқу »

Жүргізілген камералдық кедендік тексеру бойынша кеден органдарының шешімдерімен сот даулары, камералдық кедендік тексеру актісі, кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды өтеу туралы хабарлама

Жүргізілген камералдық кедендік тексеру бойынша кеден органдарының шешімдерімен сот даулары, камералдық кедендік тексеру актісі, кедендік төлемдерді, салықтар мен өсімпұлдарды...

Толық оқу »

420-бап. Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

420-бап. Қазақстан Республикасының кеден және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне кір...

Толық оқу »

423-бап. Кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

423-бап. Кедендік тексеруді жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Қазақстан Республикасының с...

Толық оқу »

Камералдық кедендік тексеруді жүргізуді бастау туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Камералдық кедендік тексеруді жүргізуді бастау туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/277 17.08.2023 ж.Талапкер: "Т"ЖШСЖауапкер: "Мемлеке...

Толық оқу »