Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 40-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау мақсаттары, субъектілері және объектілері Техникалық реттеу туралы Заңы

40-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау мақсаттары, субъектілері және объектілері Техникалық реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

40-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау мақсаттары, субъектілері және объектілері Техникалық реттеу туралы Заңы 

      1. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі үшін техникалық реттеу объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүлкін, оның ішінде олардың сәйкестігін бағалаудың анықтығын қамтамасыз ету арқылы қорғау, техникалық реттеу объектілерінің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын жағдайларды болғызбау және саудадағы техникалық кедергілерді жою мақсатында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге бағытталған. 

      2. Мыналар техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады: 

      1) сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар; 

      2) аккредиттеу субъектілері; 

      3) тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшылық ұйым және сарапшы-аудиторлар; - ҚР Заңымен алынып тасталды. 

      4) тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйым; 

      5) оқу орталықтары; 

      6) аккредиттеу жөніндегі орган; 

      7) техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына ие дайындаушылар, импорттаушылар, сатушылар, дайындаушылар уәкілеттік берген тұлғалар. 

      3. Техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген өнім техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадғалау объектісі болып табылады. 

      4. Уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері және олардың лауазымды адамдары бақылау және қадағалау субъектілеріне және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік-фитосанитариялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді қоспағанда, техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген өнімге қатысты оны айналысқа шығару сатысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің не Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің сақталуына техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. 

      5. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және бақылау мақсатында сатып алу нысанында жүзеге асырылады. 

       Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады. 

      Өнім үлгілерін іріктеп алу қажеттігіне байланысты бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады. 

      Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылауды, бақылау мақсатында сатып алуды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады. 

      Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

      Осы Заң техникалық реттеудің өнімдерге, олармен байланысты процестерге, қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды белгілеу, орындау кезінде туындайтын негізге алынатын қағидаттарын белгілейді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы