⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері  Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына

4-бап. Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері  Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Валюталық реттеудің және валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері  Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Заңына 

      1. Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық өсуіне қол жеткізу және халықаралық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатқа жәрдемдесу, төлем балансының орнықтылығын, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығының тұрақтылығын және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу валюталық реттеудің мақсаттары болып табылады. 

      Валюталық реттеудің міндеттері: 

       1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтар айналысының тәртібін айқындау;  

      2) Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға одан әрi интеграциялануына жәрдемдесу; 

      3) валюталық операциялар және Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы активтері мен міндеттемелері бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады. 

      2. Резиденттер мен бейрезиденттер валюталық операцияларды жүргізген кезде олардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады. 

      Валюталық бақылаудың мiндеттерi: 

      1) жүргiзiлетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкестiгiн айқындау; 

      2) валюталық операциялар бойынша төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының негiздiлiгiн және оларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың болуын тексеру; 

      3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің толықтығын, уақтылығын және объективтiлiгiн тексеру болып табылады. 

 

      Осы Заң валюталық операцияларды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, валюталық реттеу мен валюталық бақылаудың мақсаттарын, мiндеттерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы