⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Қордың мақсаты мен міндеттері Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы

4-бап. Қордың мақсаты мен міндеттері Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Қордың мақсаты мен міндеттері Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заңы 

      1. Қор қызметінің мақсаты Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайту, Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын арттыру болып табылады. 

      2. Қордың міндеттері: 

      1) Қордың тобына кіретін ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін, нарықтық құнын және кірістілігін арттыру; 

      2) Қордың тобына корпоративтік басқарудың ең озық тәжірибесін енгізу; 

      3) инновациялық процестер мен технологияларды әзірлеуді және оларды Қордың тобына енгізуді ынталандыру, сондай-ақ инновациялық қызметті дамытуға жәрдемдесу; 

      4) Қазақстан Республикасына инвестициялар тартуға қатысу, Қордың тобына кіретін ұйымдардың инвестициялық белсенділігі үшін жағдай жасау, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жақсарту; 

      5) ұлттық, салааралық және өңірлік ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобалар әзірлеу және оларды іске асыру, Қазақстан экономикасын жаңғырту және әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 

      6) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      7) Қазақстан Республикасының экономикасын орнықты дамытуға ықпал ететін әлеуметтік маңызы бар өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды Қордың іске асыруының осы Заңда белгіленген ерекшеліктерін ескере отырып, оларды іске асыруға қатысу болып табылады. 

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы. 

      Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, Ұлттық әл-ауқат қоры мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы