⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары  Пошта туралы Заңы

4-бап. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары  Пошта туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

     4-бап. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары  Пошта туралы Заңы 

 

      1. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мақсаттары пошта байланысы саласын дамыту, пошта байланысы саласындағы көрсетілетін қызметтер нарығын реттеу және кеңейту болып табылады. 

      2. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 

      1) Қазақстан Республикасында пошта қызметін қалыптастыру мен дамыту, көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну және оларды іске асыруды ұйымдастыру; 

      2) пошта төлемінің мемлекеттiк белгiлерінің пошта айналымы жөніндегі қызметтi реттеу. 

      3. Пошта байланысы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 

      1) пошта байланысы саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуы; 

      2) Қазақстан Республикасының аумағында пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға көрсетілетін пошта байланысы қызметтерінің қолжетiмдi болуы; 

      3) пошта операторларының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн пошта операторларының сақтауы; 

      4) Қазақстан Республикасының аумағында пошта жөнелтiлімдерi қозғалысының және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық пошта жөнелтілімдері транзитінің еркіндігі; 

      5) көрсетілетін пошта байланысы қызметтерін ұсыну және осы қызметтiң нәтижелерiн пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгi; 

      6) пошта құпиясын қамтамасыз ету; 

      7) Қазақстан Республикасында ұлттық пошта желісінің дамуын және жұмыс істеуін қамтамасыз ету; 

      8) пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларға пошта байланысының қызметтерін көрсету кезінде пошта операторлары үшін пошта байланысы саласындағы қағидалар мен талаптар бiрлiгi.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметтің құқықтық негіздерін белгілейді және қоғамдық қатынастарды реттейді, пошта қызметi субъектілерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, пошта саласындағы мемлекеттiк органдардың құзыретiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы