Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттарыы Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы

4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттарыы Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

     4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттарыы Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы Заңы 

 

      1. Осы Заңның негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттар саласындағы қатынастарды реттеу;

      2) тұратын жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын сәйкестендіруді қамтамасыз ету;

      3) халықты құжаттандыру жүйесін жетілдіру.

      2. Осы Заңның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру саласындағы процестерді реттеу;

      2) Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын немесе уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың халықты құжаттандыру саласындағы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік органдардың халықты құжаттандыру саласындағы іс-шараларды жүзеге асыруы.

      3. Осы Заңның негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

      1) заңдылық;

      2) міндеттілік;

      3) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

      4) баршаның заң мен сот алдындағы теңдігі;

      5) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсітушілікке жол бермеу;

      6) адамның және азаматтың құқықтары мен міндеттерінің біртұтастығы;

      7) қолжетімділік.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы. 

       Осы Заң жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негіздерін айқындайды, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою жөніндегі қызметті реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы