4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы Заңы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің айрықша белгілеріне мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің қатынастарын орнату;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың ұзақ мерзімді кезеңі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне қарай бес жылдан отыз жылға дейін);
3) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жекеше әріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы жатады, бұл ретте жекеше әріптестің меншікті қаражатының үлесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялардың жалпы сомасының кемінде он пайызын құрауға тиіс;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы жатады.
Инвестициялық кезең мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жобалауды (қажет болған жағдайда), салуды және (немесе) реконструкциялауды және (немесе) жаңғыртуды не құруды қамтиды. Пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін оның функционалдық мақсатына сәйкес пайдалануды не мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсетуді не оның инфрақұрылымын басқаруды қамтиды.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық жағдайларын, оның жүзеге асырылу тәсілдерін айқындайды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын дайындау мен іске асыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, орындау және тоқтату процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы