4-бап. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заңы
Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары:
1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту;
2) денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру;
3) жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау;
4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
5) жас отбасылар және жұмыс істеп жүрген жастар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;
6) жастардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру;
7) экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
7-1) жастарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру;
8) дарынды жастарды дамытуға жәрдемдесу;
9) мәдени оқу-ағарту мен бос уақыт үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
10) жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру;
11) жастардың волонтерлік қызметін дамыту болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.05.2019 № 251-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2022 № 168-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік жастар саясаты саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы