⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру негіздері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

4-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру негіздері Коллекторлық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру негіздері Коллекторлық қызмет туралы Заңы 

      1. Коллекторлық қызмет өзінің нысанасы кредиторға берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу бойынша, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау бойынша қызметтер көрсету болып табылатын шарт (бұдан әрі - берешекті өндіріп алу туралы шарт) негізінде жүзеге асырылады. 

      Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғалары болып табылатын кредиторлармен коллекторлық агенттіктің берешекті өндіріп алу туралы шарт жасасуына тыйым салынады. 

      Коллекторлық агенттіктің "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғасы болып табылатын жеке сот орындаушысымен атқарушылық құжатты орындау шарттары туралы келісім (шарт) жасасуына тыйым салынады. 

      Коллекторлық агенттіктің "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттіктің үлестес тұлғасы болып табылатын нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасау үшін жүгінуіне тыйым салынады. 

      2. Коллекторлық қызмет берешек туындаған жағдайда жүзеге асырылады. 

      3. Коллекторлық агенттік пен кредитор арасында берешекті өндіріп алу туралы шарт жазбаша нысанда жасалады және онда, оның ішінде мынадай талаптар: 

      1) тараптардың құқықтары мен міндеттері; 

      2) тараптардың жауапкершілігі; 

      3) борышкердің – жеке тұлғаның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректері; 

      4) заңды тұлғаға қатысты атауы, тұрған жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі; 

      5) берешектің мөлшері; 

      6) берешектің құрылымы (негізгі борыштың, сыйақының, комиссиялардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасы); 

       7) бар болған жағдайда, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кепілгер немесе кепілдік етуші туралы мәліметтер;  

      8) бар болған жағдайда, егер банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кепіл құқығы тіркелуге жатса, кепіл нысанасы туралы мәліметтер; 

      9) шарт бойынша сыйақы мөлшері; 

      10) шарттың қолданылу мерзімі; 

      11) кредитордың коллекторлық агенттікті борышкердің бұдан бұрын жүргізген төлемдері және (немесе) берешек сомаларының өзгеруі туралы хабардар ету (хабарлау) тәртібі мен мерзімдері; 

      12) коллекторлық агенттіктің берешекті өндіріп алу туралы шарттың орындалу барысы туралы ақпарат беру тәртібі; 

       13) осы Заңның 9-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген жағдайда, берешекті өндіріп алу туралы шартты бұзу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ құжаттарды қайтару тәртібі мен мерзімдері; 

      14) борышкерге қатысты коллекторлық қызметті мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен талаптары қамтылуға тиіс. 

       Берешекті өндіріп алу туралы шарт осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпаратты қамтуға тиіс борышкерлер тізілімін (тізілімдерін) қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда бере отырып, бір немесе бірнеше борышкерге қатысты жасалуы мүмкін.  

      Берешекті өндіріп алу туралы шартқа сондай-ақ берешекті өндіріп алу туралы шарттың орындалуына байланысты берілетін құжаттар мен борышкер жөніндегі мәліметтер тізбесі, мерзімі өткен берешекті реттеу бойынша борышкерге қатысты кредитор қабылдаған, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар жөніндегі ақпарат қоса беріледі. Ақпарат банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде міндеттемелерді орындамаудың немесе тиісінше орындамаудың соңғы күнінен бастап берешекті коллекторлық агенттікке бергенге дейінгі кезең үшін көрсетіледі. 

      Берешекті өндіріп алу туралы шарт бойынша берешекке қатысты коллекторлық қызмет жөніндегі қызметтерді көрсету мерзімі алты айдан кем болмауға және бес жылдан аспауға тиіс. 

      Осы Заңда не берешекті өндіріп алу туралы шартта көзделген жағдайларда, борышкерге қатысты коллекторлық қызметті мерзімінен бұрын тоқтатуға жол беріледі. 

      Берешекті өндіріп алу туралы шарт шеңберінде коллекторлық агенттікке берілген берешек басқа коллекторлық агенттікке беріле алмайды. 

      Берешекті өндіріп алу туралы шартқа осы Заңда реттелмеген мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің тапсыру және қызметтерді өтеулі көрсету туралы ережелері қолданылады. 

      4. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ. 

      Осы Заң коллекторлық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, коллекторлық агенттіктерді құрудың, олардың қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерді мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың ерекшелiктерiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы