⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті  Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

4-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті  Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

   4-бап. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның құзыреті  Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы Заңы 

      Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган: 

      1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; 

      2) жыл сайын білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру ұйымдарының типтері бойынша оқытудың орташа құнының ұзақ мерзімді болжамдарын әзірлейді; 

      3) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 

      4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп үлгілік салым және сақтандыру шарттарын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді; 

      5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп оператор мен қатысушы банк, оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы, оператор мен қатысушы білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімдерді әзірлейді және бекітеді; 

      6) бастапқы білім беру капиталын есепке жазу, пайдалану, қайтару қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді; 

      7) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 

      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V Заңы. 

      Осы Заң Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейтін саладағы қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ оны мемлекеттік ынталандыру шарттарын, нысандарын және мазмұнын реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы