⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

4-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

    4-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі мақсаты мен міндеттері  Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы 

 

      1. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі мақсаты заңда тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты еркін алуға және таратуға әркімнің конституциялық құқығының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіздер жасау болып табылады. 

       2. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:  

      1) ақпаратқа еркін және тең қол жеткізу үшін құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасау; 

      2) әркімнің ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау және қорғау; 

      3) ақпарат иеленушілер мен пайдаланушылар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеу; 

      4) ақпаратқа қол жеткізу құқығын іске асыру тетіктерін және осы құқықты заңсыз шектегені үшін жауаптылықты белгілеу; 

      5) ақпарат пайдаланушыларды уақтылы және толық ақпараттандыру; 

      6) ақпарат иеленушілердің ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуі үшін ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де талаптарды айқындау.

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ. 

      Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы