⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

4-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-1-бап. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңы 

       1. Осы Заңның 5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақпарат иеленушілердің иелігіндегі ақпарат ашық болып табылады (ашықтық презумпциясы). 

      2. Ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді: 

      1) заңдылық; 

       2) ақпарат иеленушілер қызметінің ашықтығы мен айқындығы;  

      3) анықтығы мен толықтығы; 

      4) өзектілігі мен уақтылығы; 

      5) ақпаратқа тең қол жеткізу; 

      6) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды жария етпеу; 

      7) жеке өмірге, жеке басының және отбасының құпиясына қол сұқпау; 

      8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау; 

      9) мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктерін есепке алу; 

      10) ақпаратты проактивті тарату; 

      11) Қазақстан Республикасының ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылық.

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ. 

      Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы