38-1-бап. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алудың және растаудың ерекшеліктері Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы
1. Шетелдік есепке алу ұйымы клиенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздарға құқықтарын есепке алу және олармен жасалатын мәмілелерді орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде атына дербес шот ашылған шетелдік есепке алу ұйымының есепке алу жүйесінде тіркеу шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотын ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Республикасының заңдарына, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ осы Заңның 78-бабы 1-1-тармағының ережелері ескеріліп жүзеге асырылады.
2. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға клиенттердің құқықтарын растауды шетелдік есепке алу ұйымы осы шетелдік есепке алу ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
3. Шетелдік есепке алу ұйымы орталық депозитарийдің сұратуы бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған шетелдік есепке алу ұйымының дербес шотындағы эмиссиялық бағалы қағаздарға құқығы бар тұлғалар туралы ақпаратты және осы шетелдік есепке алу ұйымының клиенттері беретін ақпарат негізінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген жағдайларда, көлемде және мерзімдерде өзге де ақпаратты береді.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы.
Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы