37-бап. Операцияларды және (немесе) мәмілелерді исламдық банк операцияларының қағидаттарына сәйкес келмейді деп танудың салдары Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
1. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас орган) жасалу сатысындағы операцияларды және (немесе) мәмілелерді осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда, исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы көрсетілген операцияларды және (немесе) мәмілелерді жасай алмайды (жасаспайды).
2. Исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес (Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінде тұрақты жұмыс істейтін ұқсас орган) исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының операцияларын және (немесе) мәмілелерін осы Заңның 35-бабында белгіленген қағидаттарға сәйкес келмейді деп таныған жағдайда:
жасалған, бірақ орындалмаған немесе ішінара орындалған операциялар және (немесе) мәмілелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының талап етуі бойынша бұзылуға (тоқтатылуға) жатады;
исламдық банк операцияларын жүзеге асыратын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының орындалған немесе ішінара орындалған операциялар және (немесе) мәмілелер бойынша кірісі қайырымдылыққа бағытталуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Банктер және банк қызметі туралы Заңы күші жойылды Қабылданған 2026 жылғы 16 қаңтардағы № 258-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы Заңымен.
37-бап. Талап қоюдың ескіру мерзімі Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Заңы
Банктердің, бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктердің еншілес ұйымдарының, осы Заңның 61-4-бабының 8-тармағында көрсетілген ұйымның, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның қарыз алушыларға банктік қарыз шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны жөнінде қоятын талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі бес жылды құрайды.
Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.05.2017 № 63-VI Заңымен (01.10.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы