Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 37-бап. Адвокаттық құпия Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

37-бап. Адвокаттық құпия Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

37-бап. Адвокаттық құпия Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы Заңы  

       1. Адвокаттық құпияны адвокатқа өтініш жасау фактiсi, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен және басқа да тұлғалармен ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның мүдделерiнде қабылданатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.  

      2. Адвокаттар, олардың көмекшілері, тағылымдамадан өтушілері, адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің жұмыскерлерi, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысу құқығы тоқтатылған немесе тоқтатыла тұрған адам заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған қандай да бір мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi тұлғалардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқылы емес. 

      3. Адвокаттық құпияға жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтініш жасаған тұлғаның келiсуiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады. 

      4. Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) , терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтер мен ақпарат ұсыну адвокаттық құпияны жария ету болып табылмайды. 

      5. Адвокаттық құпияны сақтау міндеті уақытпен шектелмейді. 

      6. Адвокаттар, олардың көмекшілері, тағылымдамадан өтушілері, адвокаттар алқасы төралқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңсенің жұмыскерлерi адвокаттық құпияны сақтау, оның ішінде оны санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы