Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

36-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы 

     1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқығын басқаға беру осы Заңның 38-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркелуге жатады.

      2. Алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында жасалатын эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында және қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.

      4. Алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      5. Алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.      6. Алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7. Соттың шешімі бойынша бағалы қағаздар бойынша құқықтардың өзгеруін немесе тоқтатылуын тіркеуді орталық депозитарий (номиналды ұстаушы), заңды күшіне енген, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 226-бабына сәйкес ресімделген сот шешімі негізінде жүзеге асырады.

      8. Алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер болмаған кезде орталық депозитарий, номиналды ұстаушы тіркелген тұлғалардың жеке шоттары (қосалқы шоттары) бойынша өз бетінше жазбалар енгізуге құқылы емес.

      10. Жеке шоттар (қосалқы шоттар) бойынша жазбалар енгізу үшін негіз болып табылатын құжаттар (тіркелген тұлғаны сәйкестендіретін құжаттарды қоспағанда) бес жыл бойы сақтауға жатады.

      11. Шетелдік бағалы қағаздарға немесе осы Заңның 59-бабының 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асыратын шетелдік ұйымдарға қатысты құқықтарды есепке алу мен растау ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      12. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша, сондай-ақ банктер қосылу нысанындағы қайта ұйымдастыруды жүргізген кезде олардың бағалы қағаздары бойынша құқықтарды тіркеу ерекшеліктері, егер қайта ұйымдастырылатын банктердің бірі өзіне қатысты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген банк болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 461 Заңы. 

          Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы