35-бап. Адамдардың жекелеген санаттарын өткізу пункттеріне жіберу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы
1. Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң, сондай-ақ оларға теңестiрiлген, Қазақстан Республикасында аккредиттелген, халықаралық ұйымдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі беретін рұқсаттамалары болған кезде, өткізу пункттеріндегі шекаралық және өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын үй-жайларға және өзге де орындарға жіберіледі.
2. Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттердің елшілері көрсетілген режимдік аймақтарға аккредиттелген куәліктер негізінде жіберіледі.
3. Белгіленген үлгідегі рұқсаттамалары бар, бірақ қызметті ұйымдастырумен және бақылаумен айналыспайтын, сондай-ақ адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды ресімдеу және оларға қызмет көрсету бойынша ауысымда жүрмеген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, әскери қатынастар органдарының әскери қызметшілеріне, мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де органдардың, көлік ұйымдарының қызметкерлеріне өткізу пунктінің аумағында болуға тыйым салынады.
4. Шетелде болған кезеңде Қазақстан Республикасының аумағына кіруге құқық беретін құжаттарын жоғалтқан, өткізу пунктіне келген Қазақстан Республикасының азаматтары өткізу пункттерінде олардың жеке басын анықтау үшін қажетті уақытқа ерікті түрде қалдырылады. Оларды өткізу пунктінде күтіп-ұстау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
5. Өткізу пунктіне келген Қазақстан Республикасы азаматының жеке басы расталмаған жағдайда, ол аумақ бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылуға жатады.
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасының аталған азаматтарына қатысты қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы