Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 35-1-бап. Теміржол көлігін беру міндетіі Теміржол көлігі туралы Заңы

35-1-бап. Теміржол көлігін беру міндетіі Теміржол көлігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

35-1-бап. Теміржол көлігін беру міндетіі Теміржол көлігі туралы Заңы 

      Теміржол көлігінің иелері (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға оқиға, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару үшін және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін осы Заңның 35-бабында көзделген тәртіппен теміржол көлігін беруге міндетті. 

      Теміржол көлігінің иелеріне осы баптың бірінші бөлігіндеc көзделген жағдайларда көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. 

Теміржол көлігі иелерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою үшін оларды (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін қоспағанда) беруі, сондай-ақ теміржол көлігін пайдаланғаны үшін шығыстарды өтеу, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы. 

      Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы