33-бап. Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің дактилоскопиялық тіркеу саласындағы құзыреті Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы Заңы
Ескерту. 33-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Сыртқы саяси қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган дактилоскопиялық тіркеу саласында:
1) шетелде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын алуға үміткер Қазақстан Республикасының азаматтарынан, Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан дактилоскопиялық ақпарат жинау және өңдеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Шетелде Қазақстан Республикасының визаларын алу кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинау және беру Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен заңды тұлғалар арасында қызметтер көрсету туралы шарт жасасу арқылы деректердің құпиялылығы қатаң сақталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы