33-бап. Өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының болу, жүріп-тұру, жүктер мен тауарларды орналастыру және өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пунктінде қызметін өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс, әскери қатынастар органдарымен және өзге де органдармен, сондай-ақ көлік ұйымдарымен келісу бойынша:
1) өткізу пунктінде адамдар мен көлік құралдарының жүріп-тұру, жүктер мен тауарлардың өткізілу схемасын, сондай-ақ қызметтік көліктің жүріп-тұру тәртібі мен тұрақ орындарын айқындайды;
2) шекаралық және басқа да бақылау түрлері жүзеге асырылатын үй-жайлар мен өзге де орындарға, сондай-ақ шетелге бара жатқан көлік құралдарына қол жеткізу тәртібін белгілейді;
3) өткізу пунктінде белгіленген режимнің орындалуын бақылау шараларын әзірлейді және қамтамасыз етеді.
2. Өткізу пункттерінде (автомобиль өткізетін пункттен басқа) шетелге бара жатқан көлік құралдарының орны мен тұру ұзақтығын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша көлік ұйымдарының әкімшілігі айқындайды.
3. Шетелге бара жатқан көлік құралдары өткізу пунктінің аумағынан кету үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатымен ғана қозғалыс жасауды бастайды, сол сияқты тұрақ орнын ауыстырады.
4. Шекаралық және өзге де бақылау түрлерін жүзеге асыру кезеңінде адамдардың көлік құралдарына, оның ішінде шетелге бара жатқан көлік құралдарына, өткізу пункттерінде өткізілетін жүктер мен тауарларға қол жеткізуіне тыйым салынады.
5. Жолаушылардың өткізу пунктінен кетуі немесе оған келуі кезінде оларды шетелге бара жатқан көлік құралдарына отырғызу (құралдарынан түсіру) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсатымен жүзеге асырылады, ал жүктер мен тауарларды тиеу (түсіру) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының рұқсатымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы