31-бап. Ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғалымдарын, ғылыми қызметкерлерін көтермелеу шаралары Ғылым және технологиялық саясат туралы Заңы
1. Көтермелеу мақсатында ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғалымдары, ғылыми қызметкерлері:
1) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылуы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылуы;
3) үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары, ғылым саласындағы аса зор жетістіктері үшін жыл сайынғы сыйлықтарды алуға ұсынылуы;
4) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылуы;
5) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2000 еселенген мөлшерінде "Үздік ғылыми қызметкер" жыл сайынғы сыйлығын алуға ұсынылуы мүмкін.
Мемлекеттік ғылыми стипендиялар:
мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге;
ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастық мойындаған, қырық жастағы ғалымдарды қоса алғандағы жас ғалымдарға да берілуі мүмкін.
2. Сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беруді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреттері шегінде уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдар жүзеге асырады.
3. Білім алушыларды, ғалымдарды, ғылыми қызметкерлерді, қырық жастағы ғалымдарды қоса алғандағы жас ғалымдарды көтермелеу шарасы ретінде эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) инвестициялық кірісі қаражатынан стипендия төленуі мүмкін.
Осы Заң ғылым, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының ұлттық ғылыми жүйесінің жұмыс істеуі мен оны дамытудың негізгі қағидаттарын және тетіктерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы