3-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайының қағидаттары Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау осы Заңның негізгі мақсаты болып табылады.
2. Қазақстан Республикасында шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін айқындау осы Заңның негізгі міндеті болып табылады.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасында шетел азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады;
2) Қазақстан Республикасында шетел азаматтары өздерінің шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамастан немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша заң мен сот алдында тең болады;
3) шетел азаматтарының өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылысқа қол сұқпауға, қоғамдық тәртіпке, имандылыққа және халықтың денсаулығына нұқсан келтірмеуге тиіс.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 24 маусымдағы № 326-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы