⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Өзін-өзі реттеу түрлері және оны енгізу Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

3-бап. Өзін-өзі реттеу түрлері және оны енгізу Өзін-өзі реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Өзін-өзі реттеу түрлері және оны енгізу Өзін-өзі реттеу туралы Заңы 

      1. Өзін-өзі реттеу ерікті немесе міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделеді. 

      2. Ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет салаларындағы мемлекеттік реттеумен қатар өзін-өзі реттеу субъектілеріне және олардың қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардан жоғары талаптар белгілене отырып қолданылады. 

      3. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу осы Заңда айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының заңдары негізінде мемлекеттік функцияларды іске асырумен не мемлекеттік органдар орындайтын белгілі бір функцияларды беру қажеттігімен ұштасатын қызмет салаларына енгізіледі. 

      Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласына міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілген жағдайда, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген, қоғамдық бірлестік ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге ұйымдық-құқықтық нысан белгіленеді. 

      4. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу үшін реттеуші мемлекеттік орган және мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өздері әзірлейтін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс. 

      Белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу немесе нақты айқындалған проблемаларды шешу үшін реттеудің баламалы тәсілдерін бағалау арқылы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді пайдалану бөлігінде мемлекеттік саясаттың пәрменділігі мен тиімділігін арттыру реттеушілік әсерді талдаудың мақсаты болып табылады. 

      Реттеушілік әсерді талдау міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу енгізілгенге дейін және енгізілгеннен кейін жүргізіледі. 

      Реттеушілік әсерді талдау нәтижелері бойынша міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді қолдану тиімділігіне қарай оның енгізілуі, күші жойылуы немесе өзгеше тәсілмен қайта қаралуы мүмкін. 

      4-1. Кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет саласындағы міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу бұл салада Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан басқа, ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдар және (немесе) кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызмет субъектілері міндетті түрде мүшесі болатын өзге де коммерциялық емес ұйымдар жұмыс істеген жағдайда ғана енгізіледі. 

      4-2. Өзін-өзі реттеу осындай өзін-өзі реттеуді енгізу жоспарланып отырған тиісті салада немесе мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік реттеу болған жағдайда ғана енгізіледі. 

      5. Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету саласында құруға болмайды. 

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу (қатысу) шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы