⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы 

      1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасындағы бір мезгілде мынадай белгілерге сәйкес келетін барлық рұқсаттар мен хабарламаларға қолданылады: 

      1) жеке немесе заңды тұлға қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруды бастау үшін – рұқсатты алған, ал хабарламаны жіберген болуға тиіс; 

      2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес рұқсат (ілеспе рұқсаттан басқа) алу және хабарлама жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұлғалар тобы үшін міндетті болып табылады, ал оларды алмай қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады; 

      3) рұқсатты беруді және хабарламаны қабылдауды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады; 

      4) рұқсат алу, хабарлама жіберу жөніндегі міндет: жеке және заңды тұлғаларға – жекеше кәсіпкерлік субъектілеріне; реттелетін кәсіби қызметпен айналысуға құқық алатын жеке тұлғаларға; жекеше кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын, бірақ өзінің қызметін немесе әрекеттерін (операцияларын) жүзеге асыру үшін жекеше кәсіпкерлік субъектілері сияқты сондай рұқсаттарды алуға міндетті жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі; 

      5) рұқсат берудi жүзеге асыратын органдар нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартуға уәкiлеттi болады; 

      6) жеке кәсіпкерлік субъектілері алатын рұқсаттар оларға кейіннен жеңілдіктер (жеңілдік шарттарын) беру үшін негіздеме болып табылмайды. 

      2. Осы Заңның күші: 

       1) осы Заңға 1 және 2-қосымшаларда көзделмеген, "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген рұқсаттарға; 

      2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуге, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығаруға; 

      3) валюталық шарттарды есептік тіркеуге, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама жасауға, шетелдік банктердегі шоттар туралы хабарлама жасауға және "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын осындай шоттарды есептік тіркеуге; 

      4) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын, хабарламаларды, ақпарат пен есептерді мемлекеттік тіркеуге; 

      5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыру процесінде бағалы қағаздар эмитенттері мен қаржы ұйымдары жіберетін хабарламаларға (мәліметтерге); 

      5-1) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;  

       6) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, осы Заңға 2-қосымшада көзделмеген рұқсаттарға; 

      7) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеуді реттеу және реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу бөлігінде басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның әрекеттеріне; 

      7-1) Қазақстан Республикасында экспорттауға лицензия алған кезде қару-жарақ пен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті өздері резиденті болып табылатын елдің не сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ретінде тіркелген басқа елдің лицензиары берген рұқсаты бар шетелдік заңды тұлғалардың сатып алуына; 

       8) "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген рұқсаттарға; 

      9) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды орындауға жатқызылатын және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жеке және заңды тұлғаларға беретін рұқсаттарға; 

      10) қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызметіне; 

      11) төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар шеңберінде белгіленетін, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілетін рұқсаттарға және хабарламаларға қолданылмайды. 

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ. 

      Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы