Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы Заңы 

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Осы Заң бір тарап көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын қамтамасыз етуді және (немесе) құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді немесе тұрғын емес үй-жайларды қабылдауға міндеттенетін қатынастарға қолданылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

    Осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы кезінде туындайтын қатынастарға да қолданылады.

      2. Көппәтерлі тұрғын үйлерді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін салу үшін жеке, заңды тұлғалардың және (немесе) қызметін бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес жүзеге асыратын тұлғалардың (жай серіктестік, консорциум) ақшасын осы Заңда белгіленген талаптарды бұза отырып тартуға тыйым салынады. Осы Заңның талаптарын бұза отырып құрылыс үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту жөнінде жүргізілген мәміле жарамсыз деп танылады.

      Осы тармақтың ережелері тұрғын үй құрылысының проблемалы объектілерін аяқтау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартатын уәкілетті ұйымдардың қызметіне қолданылмайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      3-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      3. Осы Заңның ережелері тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жасасу бөлігінде құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның контрагенттеріне, олармен көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестермен есеп айырысқан жағдайда қолданылады.

      4. Осы Заңның күші:

      1) мемлекеттік сатып алуларға;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) Бірыңғай операторды және уәкілетті ұйымдарды қоспағанда, акцияларының бақылау пакетіне тікелей немесе жанама түрде мемлекет иелік ететін заңды тұлғалардың тұрғын үй құрылысына немесе құрылыс ұйымдарына объектіні пайдалануға бергенге дейін құрылыс объектісіндегі пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды өткізу құқығынсыз инвестициялауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.

      3) салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды ол пайдалануға берілгенге дейін жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сату (талап ету құқықтарын басқаға беру) құқығынсыз салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлерді және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды заңды тұлғалардың ғана сатып алуына;   ескертпесі!      3) тармақшаны алып тастау көзделеді-ҚР 30.06.2025 № 204-VIII Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4) шағын қабатты құрылысқа байланысты қатынастарға қолданылмайды. ескертпесі!      4) тармақшаны алып тастау көзделеді-ҚР 30.06.2025 № 204-VIII Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ. 

      Осы Заң жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу жөніндегі қызметке байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiктерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы