Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Психологиялық қызмет туралы Заңы

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Психологиялық қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Психологиялық қызмет туралы Заңы 

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында психологиялық қызмет атқару процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарға қолданылады.

      2. Осы Заңның күші:

      1) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес реттелетін мамандандырылған медициналық көмек көрсету саласындағы қатынастарға;

      2) "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін психологиялық көмек көрсетуге қолданылмайды.

      3. Осы Заңның 4-бабының 3-тармағы 2) және 3) тармақшаларының, 8-бабының, 9-бабы 2 және 4-тармақтарының, 11-бабының 1-тармағы 6) және 7) тармақшаларының, 2-тармағы 2), 3), 5), 7), 9) және 10) тармақшаларының, 12-бабының 1-тармағы 2), 3), 4) және 6) тармақшаларының, 2-тармағының, 14, 17 және 19-баптарының ережелері Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарында, азаматтық қорғау органдарында және Қарулы Күштерінде жүзеге асырылатын психологиялық қызмет саласындағы қатынастарға қолданылмайды.

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 2 шiлдедегi № 332-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы Психологиялық қызмет туралы Заңы