3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы
Ескерту. 3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасындай ортада тұруы және тәрбиеленуі үшін жағдай жасауға бағытталған отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлерінің құқықтық жағдайын айқындау, сондай-ақ олардың мәртебесін бекіту болып табылады.
1-1. Осы Заң мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) ізгілік;
2) әділеттілік;
3) жеке адамның еркін дамуы;
4) тәрбиеленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін басымдылықпен қорғау;
5) балалар ауылы мен жасөспірімдер үйлері отбасы мүшелерінің өзара көмек және қолдау көрсетуі.
2. Осы Заң балалар үйлерiн кезең-кезеңiмен балалар ауылдарына айналдыруға және елде отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдары мен жасөспiрiмдер үйлерiн құруға бағытталған, олардың қызметi мынадай негізгі міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуге тиiс:
1) тәрбиеленушiлердiң бағып-күтiлуi, тәрбиеленуi, олардың бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары бiлiм алуы үшiн, соның iшiнде олардың дене бiтiмi, психикалық, имандылық және рухани дамуына әсер ететiн жағдайлар жасау;
2) тәрбиеленушiлердiң әлеуметтiк бейiмделуiн қамтамасыз ету;
3) тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың психофизикалық жай-күйiн нығайту және профилактикалық шаралар жүргiзу;
4) тәрбиеленушiлерге еңбек ету дағдыларын сiңiру, еңбек рыногында талап етiлетiн кәсiптерге оқытып-үйрету;
5) тәрбиеленушiлерге болашақ кәсiбiн дұрыс таңдауға және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.27 № 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2011.12.26 № 517-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2024 № 148-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 113 Заңы.
Осы Заң жетiм балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұрып, тәрбиелену құқықтарын қанағаттандыру, сондай-ақ оларға имандылық-рухани, еңбек тәрбиесi мен бiлiм берудi жан-жақты қамтамасыз ету мақсатында құрылатын отбасы үлгiсiндегi балалар ауылдарының және жасөспiрiмдер үйлерiнiң құқықтық жағдайын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы