⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы

3-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Осы Заңның мақсаттары мен міндеттері Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы 

      1. Осы Заңның мақсаты онлайн-платформалардың жұмыс істеуінің, сондай-ақ онлайн-жарнаманы жасаудың, орналастырудың, таратудың және сақтаудың, құқыққа қайшы контентті болғызбаудың және оның жолын кесудің құқықтық негіздерін айқындау болып табылады. 

      2. Осы Заңның міндеттері мыналар болып табылады: 

      1) онлайн-платформалардың жұмыс істеуінің ашықтығын қамтамасыз ету; 

      2) Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

      3) құқыққа қайшы контентке жол бермеу; 

      4) онлайн-платформаларда балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау; 

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте адамның және азаматтың дербес деректерін жинау және өңдеу кезінде оның құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. 

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін онлайн-платформаларға байланысты қоғамдық қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-жарнаманы жасау, орналастыру, тарату және сақтау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы