Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі   

      1. Осы Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.

      2. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.

      3. Мемлекеттік органдардың осы Кодексте көзделген ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде реттелмеген бөлігінде:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде, мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың;

      2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің;

      3) Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталары, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының;

      4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі, сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері аппараттарының;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының және олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің;

      6) Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары аппараттарының;

      7) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде қолданылады.

      4. Осы Кодексте белгіленген әкімшілік рәсімдердің тәртібі:

      1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында;

      2) Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында;

      3) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау түрлерін жүзеге асыру тәртібі бөлігінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртібі бөлігінде "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында;

      5) Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында;

      6) Қазақстан Республикасының сыртқы барлау туралы, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі туралы, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзету іс-шараларын жүргізу жөніндегі заңнамасында;

      7) нотариаттық әрекеттерді жасау бөлігінде Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасында;

      8) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында реттелетін қатынастарға қолданылмайды.

      Осы Кодексте белгіленген әкімшілік рәсімдердің тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық өкілеттігіне және Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін органның қызметіне қолданылмайды.

      5. Осы Кодекстің 12, 13, 14 және 15-тарауларын қоспағанда, осы Кодекстің әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне байланысты күші Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамасында реттелетін қатынастарға қолданылмайды.

      6. Осы Кодекстің 1, 2, 12, 13, 14 және 15-тарауларын қоспағанда, осы Кодекстің әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне байланысты күші әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік әрекетті жасау (әрекетсіздік таныту) тәртібіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.

      7. Мыналар:

      1) қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жолданымдар;

      2) іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы