⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Мемлекеттік аудит Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

3-бап. Мемлекеттік аудит Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 3-бап. Мемлекеттік аудит Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік аудиттің мақсаты бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады. 

      2. Субъектіге байланысты мемлекеттік аудит мынадай түрлерге бөлінеді: 

      1) міндеттері халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын сыртқы мемлекеттік аудит; 

      2) міндеттері мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген түпкі нәтижелерге қол жеткізуін, қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік аудит объектілері қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің сақталуын талдау, бағалау және тексеру болып табылатын ішкі мемлекеттік аудит. 

      3. Мемлекеттік аудит мынадай типтерге бөлінеді: 

      1) қаржылық есептілік аудиті – мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есебінің және қаржылық жай-күйінің анықтығын, негізділігін бағалау; 

      2) тиімділік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімділік, үнемділік, өнімділік және нәтижелілік нысанына бағалау және талдау; 

      3) сәйкестік аудиті – мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын, сондай-ақ оларды іске асыру үшін қабылданған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілерін сақтауын бағалау, тексеру. 

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ. 

      Осы Заң мемлекеттік аудитпен және қаржылық бақылаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өкілеттігі мен қызметін ұйымдастыруды айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы