3-бап. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы
1. Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметін дамыту бағалау қызметі саласындағы реттеудің мақсаты болып табылады.
2. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің міндеттері:
1) бағалау қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу;
2) бағалау қызметін жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мен бағыттарын айқындау;
3) бағалаушылар палатасы мүшелерінің кәсіби деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасау;
4) Қазақстан Республикасындағы бағалау институтына деген сенімді нығайту болып табылады.
3. Бағалау қызметі саласындағы реттеудің қағидаттары:
1) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
2) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі объективтілік;
3) бағалауды жүргізу кезіндегі анықтық;
4) бағалау қызметін жүзеге асыру кезіндегі тәуелсіздік;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, бағалау қызметі субъектілерінің бағалауды жүргізу нәтижесінде өздері алатын немесе жасайтын ақпаратты үшінші тұлғаларға беру не ондағы мәліметтерді ауызша жария ету құқығынсыз олардың сақталуы жөніндегі міндеттемені жүзеге асыруы кезіндегі құпиялылық болып табылады.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ бағалау қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы