⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары Ақпараттандыру туралы Заңы

3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары Ақпараттандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен қағидаттары Ақпараттандыру туралы Заңы 

      1. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және оны дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер өндірісінде елішілік құндылықты дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. 

      2. Ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу мынадай: 

      1) заңдылық; 

      2) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау; 

      3) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысу және оның нәтижелерiн пайдалану құқықтарының теңдігі; 

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қол жеткiзілуі шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа, мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркiн қол жеткiзуді және олардың міндетті түрде берілуін (ашықтық презумпциясы) қамтамасыз ету; 

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында жариялы таратылуының не мемлекеттік органдармен берілуінің міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстардың уақтылы берілуі, объективтілігі, толымдылығы және анықтығы; 

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолжетімділігі шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды iздеу, қалыптастыру және беру еркiндiгi; 

      7) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану кезiнде жеке бастың, қоғам мен мемлекеттің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 

      8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және адал бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасау; 

      9) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін орталықтандырып басқаруды қамтамасыз ету; 

      10) Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттандыру объектілерінің сенімділігі мен басқарылуын қамтамасыз ететін бірыңғай стандарттар негiзiнде ақпараттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаттарына негізделеді. 

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 87-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы